Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтарда елде зейнетақы жинақтарын пайдалану жөнінде жаңа онлайн-платформа іске қосылады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

2021 жылдың қаңтарында Қазақстанда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі арнайы онлайн-платформа іске қосылады

Өтінімдерді қабылдаудың жаңа онлайн-платформасын «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға Зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор – «Отбасы банк» іске қосты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында платформаның қалай жұмыс істейтіні туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емдеу ақысын төлеуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалана алады. Мұндай құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтарға беріледі. Олар жеткіліктілік шектен асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады. Бүгінгі таңда 760 мың адам осындай мүмкіндікке ие. Екінші санат - зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50%-на дейін пайдалана алатын зейнеткерлер. Олардың саны шамамен, 80 мың. Үшінші санат – зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және БЖЗҚ-да жинақтары бар қазақстандықтар. Олардың саны 23 мың адам.

Жалпы, мерзімінен бұрын алуға пайдаланылуы мүмкін зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 2,4 трлн теңгені құрайды.

Өтінімді арнайы онлайн-платформа арқылы беруге болады. Ол үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет, соның көмегімен авторизациядан өту керек. Әрі қарай, өтініш беруші қол жетімді сомадан ақша жұмсағысы келетін мақсатты таңдауы шарт. Ләззат Ибрагимова атап өткендей, осындай мақсаттардың барлығы 8, олардың әрқайсысында қажетті құжаттар тізімі бар, сондықтан тізіммен алдын ала танысып, құжаттардың сканерленген көшірмесін дайындап алу керек.

«Бірінші мақсат – өз меншігіңізге тұрғын үй сатып алатын кез келген жерден азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу. Екінші мақсат – ипотека бойынша бастапқы жарнаны енгізу, үшіншісі – қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу. Төртінші мақсат – тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бесінші - қайта қаржыландыру, алтыншы – тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті толық өтеу, жетінші – өтініш берушінің құқықтарын жақын туыстарына беру, сегізінші – емдеу, – деп атап өтті «Отбасы банк» басшысы.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу тетігімен таныстырды.

«Салымшының қажетті құжаттарын қарағаннан кейін оператор (Отбасы банк) зейнетақы жинақтарын аудару үшін БЖЗҚ-ға тиісті хабарлама жібереді. Бұл ретте салымшы ЖТС төлеу тәсілдерінің бірін таңдауы - жинақтарды төлеу кезінде толық көлемде төлеуі немесе мерзімін ұзартуы тиіс. Бұдан әрі БЖЗҚ салымшының сәйкестік критерийлерін тексереді және оператордан хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жинақтарды аударады. Оператор 1 жұмыс күні ішінде жинақтарды арнайы шотқа есепке алады, онда олар 45 жұмыс күнінен артық бола алмайды», - деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Сонымен қатар, Ләззат Ибрагимованың ақпараты бойынша, зейнетақы жинақтары болатын арнайы шот үшінші тұлғалардың кез келген шағымдарынан толық қорғалатын болады, оларды өтініш берушінің қандай да бір басқа борыштық міндеттемелері шеңберінде есептен шығаруға болмайды. Ол сондай-ақ, егер азаматтың қаражатты 45 күн ішінде пайдалануға уақыты болмаса, қаражат БЖЗҚ шотына қайтып оралып, мемлекеттік кепілдікке түсетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891952-katarda-elde-zejnetaky-zinaktaryn-pajdalanu-zninde-zaa-onlajn-platforma-iske-kosylady/

pixel