Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге шақырылған жігіт Ақтаудағы комиссариаттан қашып кетпек болды (видео)

Опубликовано:

Қашуға тырысқан сәт
Видеодағы кадр: lada.kz

Ақтауда жас жігіт әскерге шақырылушылардың барлығы автобусқа отырғызылған кезде әскери комиссариаттан қашуға тырысқ. Қашқынды полиция ұстап, кері қайтарды.

Жігіттің қашу әрекеті түсірілген видеоны Lada.kz сайты жариялады.

Хабарланғандай, оқиға кеше, 30 желтоқсанда Ақтау әскери комиссариатында болған.

Барлық шақырылушыларды автобусқа отырғызған кезде жас жігіт қашып кетуге тырысыпты. Ол тіпті қақпадан өтіп үлгерген. Кадрлардан әскери комиссариаттың екі офицері қашқынды ұстау мақсатында соңынан жүгіргені көрінеді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қашқан жас жігітті патрульдік полиция батальонының экипажы қуып жетіп, қолға түсіргенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары жас жігітті әскери комиссариатқа кері қайтарды.

Кейінірек басылым тағы бір видео жариялады, онда әскери форма киген адам қашып кетуге тырысқан жігітті жетектеп, пойыз вагонына отырғызғаны көрсетілген. Осы уақытта әскери борышын өтеуге барғалы жатқан басқа бозбалалар платформада жақындарымен қоштасып жатады.

Еске салсақ, енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Оларға электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босатуға немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруға онлайн өтініш беруге болатыны туралы жазған болатынбыз.

Бұл жаңашыл қызмет түрін 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891961-skerge-sakyrylgan-zigit-aktaudagy-komissariattan-kasyp-ketpek-boldy-video/

pixel