Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы өзгерістерді армандадық": Путин ресейліктерді 2021 жылмен құттықтады

Опубликовано:

путин
Фото: www.1tv.ru

Ресей президенті Владимир Путин отандастарын Жаңа жылмен құттықтай отырып, 2020 жыл бірнеше жылдың ауыртпалығын қамтығанын, қиын болғанын, бірақ ел оны абыроймен өткергенін атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Путиннің жаңа жылдық үндеуін алғаш болып Анадыр мен Петропавловск-Камчатский тұрғындары көрді, ол жақта жаңа жыл Мәскеу уақытымен 15.00-де басталады.

Ал сағат 16.00-де мереке Магадан тұрғындарына жетті. Бір сағаттан кейін – Амурдағы Комсомольск, Хабаровск, Владивосток қарсы алады.

"Дәл осыдан бір жыл бұрын бүкіл әлемдегі адамдар сияқты біз сіздермен бірге жақсы өзгерістер туралы армандадық. Сол кезде ешқайсымыз қандай сынақтардан өтуіміз керек екенін елестете алмадық. Енді міне, өтіп бара жатқан жыл бірнеше жылдың ауыртпалығын қамтыған сияқты. Әрқайсымыз үшін үлкен материалдық қиындықтар мен алаңдаушылықтың болуы, енді біреулер үшін жақындарынан айырылу мен сүйікті адамының қайғысы оңайға түскен  жоқ", – деді Путин дәстүрлі үндеуінде.

Ресей президенті бұл жылды абыроймен өткере алдық деп санайтынын білдірді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай, ол өз сөзінде ардагерлерді де назардан тыс қалдырмады.

"Біз құрметті ардагерлерімізге, нацизмді жеңген ержүрек аға буынға қараймыз. Сондықтан да біз ештеңеге қарамастан қасиетті перзенттік парызымызды орындадық. Яғни, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын зор құрметпен және ризашылықпен атап өттік", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891974-zaksy-zgeristerdi-armandadyk-putin-resejlikterdi-2021-zylmen-kttyktady/

pixel