Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда бір ай ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жағдайы тіркелді

Опубликовано:

Карантин кезіндегі той
Фото: Polisia.kz

Түркістан қаласының полицейлері бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жайтын анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы gолиция департаментінің жеке құрамы карантинге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Яғни қала, аудан аумағында күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар, оның ішінде адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салу мен қауіпсіздік шараларын қадағалау жұмыстары жүргізілуде. 

Осындай кезекті рейд жұмыстары барысында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірге ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша 80 құқықбұзушылықты анықтады.

Мәселен Түркістан қаласының тұрғыны мейрамханалардың бірінде 30 адамды шақырып, ұжымдық іс-шара өткізген. Аталған жайтқа сәйкес полицейлермен мейрамхана меңгерушісі мен той иесіне қатысты заң аясында шара көрілді.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сол себепті, тәртіп сақшылары бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын орындап, бетперде кию мен арақашықтықты сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892057-trkistanda-bir-aj-isinde-karantin-talaptaryn-bzudy-80-zagdajy-tirkeldi/

pixel