Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтіп отырмыз": Денсаулық сақтау министрі не себепті вакцина қабылдамай жүр

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны не себепті әлі қабылдамай жүргені туралы айтты.

"Мен әзірге ресейлік вакцинаны да, қазақстандық вакцинаны да қабылдаған жоқпын. Біз қазір соңғы қорытындыны күтіп отырмыз. Вакцина Қазақстанда тіркеліп, көптеп шығарылғаннан кейін мен де алдыңғы қатардағылардың бірі болып вакцина қабылдаймын.

Ешқандай бұрмалау болмас үшін министрліктегі әріптестерім де вакцина алады, оның бір бөлігі ресейлік вакцинаны, енді бір бөлігі қазақстандық вакцинаны қабылдайды. Бұл екі елдің вакцинасы да қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсету үшін керек. Алдымен осы вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін қорытындыны күтіп отырмыз, одан кейін қабылдай беруге дайынбыз. Бұған қатысты ешқандай мәселе жоқ", - деп келтіреді Алексей Цойдың сөзін ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауына қатысты пікір білдірді.

"Әріптестеріміз вакцина қабылдап жатқаны өте жақсы, бірақ Денсаулық сақтау министрінің вакцина қабылдауы – вакцинаның 100% қауіпсіз екеніне кепілдік беруі және бүкіл халықты вакцина қабылдауға шақыруы болып саналады.

Бұл үлкен жауапкершілік, сол себепті біз қорытындыны күтіп отырмыз. Медицина саласының қызметкерлері ретінде, денсаулық сақтау саласының сарапшылары ретінде вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екеніне кепілдік беретін қорытындыны алуымыз керек. Біздің міндет – барлық қажетті қорытындыны алғаннан кейін барып вакцина қабылдау. Біз солай істейміз және көрсетеміз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892108-ktip-otyrmyz-densaulyk-saktau-ministri-ne-sebepti-vakcina-kabyldamaj-zr/

pixel