Елде оқу жылының басынан 4 мыңға жуық оқушы коронавирус жұқтырған
Жарияланған күні:

Елде оқу жылының басынан бері 4 мыңға жуық оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына сәйкес, оқу жылының басынан 3 972 оқушы КВИ жұқтырды, оның 1047-і кезекші сыныптарда оқитын бала.
Ведомство күн сайын жаңа туған нәрестелер мен балалар арасында коронавирус инфекциясы жағдайына мониторинг жүргізеді. 2020 жылдың сәуірінен бастап 2021 жылдың 2 қаңтарына дейін ҚР-да COVID-19 диагнозы расталған 7 492 бала тіркелген, оның ішінде 134 жаңа туған бала. Бүгінге дейін 6550 (87,4%) пациент жазылып шықты.
Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де қиын. Бүгінде 220 елде 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды. Ал Қазақстан қазір қаупі төмен "жасыл" аймақта тұр.
Алайда, Атырау облысы аса қауіпті "қызыл" аймақта. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары "сары" аймақта.
"Елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын", -деді министр.
Биыл 3 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде 18 608 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде 4 980 төсек-орында науқас жатыр. Реанимация бөлімшесіндегі пациент саны - 320, өткен аймен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892111-elde-oku-zylyny-basynan-4-myga-zuyk-okusy-koronavirus-zktyrgan/