Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британиялық коронавирус штамының Қазақстанда таралу қаупі бар ма

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бүгінгі таңда Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі әлемнің бірнеше елдерінде – Қытайда, АҚШ-та және Еуропа аймақтарында таралуда. Оның Қазақстанда таралу қаупі қаншалықты жоғары? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында табылған 130 сынамаға генетикалық зерттеу жүргіздік. Вирустар арасынан британдық мутация табылған жоқ. Бұл вирустар Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда табылған вирустарға ұқсас. Бүгінгі күні біз келесі генетикалық тестілеу жүргізу үшін қазан мен желтоқсан аралығында аймақтардан табылған сынамаларды жинап жатырмыз", - дейді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, ол Британия мен Қазақстан арасында тікелей байланыс жоқ екенін жеткізді.

"Естеріңізде болса, 6 қазаннан бастап шетелден келетіндерге ПТР тесттен өту туралы талап қойылған. ПТР тесттен өтпегендер міндетті түрде карантиндік стационарға орналасып, ПТР тест тапсырып, нәтижесін сол жерде күтеді.

Негізі вирустардың мутациялануы – қалыпты жағдай. Коронавирус генетикалық тұрғыдан адамға қатысы жоқ, жарқанаттарға қатысы бар вирус. Ол бір жыл бойы өзгеріске ұшырап, бейімделіп келеді. Ол мутацияланған вирус және мутациялана береді", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны не себепті әлі қабылдамай жүргені туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892118-britanialyk-koronavirus-stamyny-kazakstanda-taralu-kaupi-bar-ma/

pixel