Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елге 254 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келген

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: Andrés Gutiérrez/picture alliance via Getty Images

2021 жылғы 2 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді деп хабарлайды Cанитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитеті.

1 019 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 765 адам, анықтамасыз 254 ҚР азамат келген. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 852 жолаушы, анықтамамен - 652, анықтамасыз - 200;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 167 жолаушы, анықтамамен - 113; анықтамасыз - 54 адам.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 1 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 150 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де қиын. Бүгінде 220 елде 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды. Ал Қазақстан қазір қаупі төмен "жасыл" аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен онлайн брифингіде белгілі болды.

Алайда, Атырау облысы аса қауіпті "қызыл" аймақта. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары "сары" аймақта.

"Елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын", -деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892121-tken-tulikte-elge-254-zolausy-ptr-anyktamasyz-syp-kelgen/

pixel