Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маскадан у табылды": Қазақстандықтар желіде кезекті жалған ақпаратты талқылауда

Опубликовано:

Бетперде1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар Telegram-арналарда Германияда медициналық маскалардан қауіпті у – анилин табылғандығы туралы хабарламаларды талқылауда. Желі қолданушыларының пікірінше, мұндай қорғаныс құралдарын пайдалану өте қауіпті және көптеген аса ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. StopFake сайтының жазуынша, бұл кезекті жалған ақпарат.

Басылымның жазуынша, біріншіден, анилин Viral Protect компаниясының M және L өлшемді қара маскалардың бір ғана партиясынан табылған.

Бұдан басқа, өндірушінің ассортиментінде анилин жоқ басқа да модельдер бар. Өндіруші фирманың барлық атаулары сертификатталған және қауіпсіздікке тексерілген. Дегенмен, ықтимал қауіпті партия сатылымнан алынып тасталған.

Айта кетерлік жайт, маскада химиялық заттардың шамадан тыс екендігін растайтын сараптама әлі жүргізілмеген. Сондықтан маскалар шынымен улы болған деп айтуға негіз жоқ.

Екіншіден, анилин – шынымен мәнісінде улы зат, концентрациясы жоғары болса орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Алайда, өндірісте аз мөлшерде және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, кеңінен қолданылады.

Анилинді резеңке, гербицидтер мен бояғыштар шығару үшін пайдаланады. Құрамында анилин бар бояғыштармен әртүрлі маталардан тігілген киімдерді бояйды. Мәселен ол джинсыға арналған бояғыштарда жиі кездеседі. Мұндай бояғыштар қарапайым дүкендерде сатылады және үйде қолдануға жарамды екен.

"Тәркіленген маска партиясы жасалған материал дәл осындай бояумен боялған болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, медициналық маскалар аса қауіпті деген қауесеттер асыра сілтеушілік деуге болады. Анилин масканың нақты моделінің бір партиясында екі өлшемде ғана анықталған. Оның үстіне, зат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан асып кеткен-кетпегендігі белгісіз", - деп жазады Stopfake.kz сайты.

улы маска
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892145-maskadan-u-tabyldy-kazakstandyktar-zelide-kezekti-zalgan-akparatty-talkylauda/

pixel