RU

Шымкенттік алаяқ кәсіпкердің "каспиінен" өзіне ақша аударып алған

Ұялы телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне дүкендердің бірінің иесі жүгініп, белгісіз ер адам оның есепшотынан 90 мың теңгені алаяқтық жолмен шешіп алғаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеп, істің мән-жайын, күдіктінің жеке басын анықтай бастайды.

Арнайы іс-шаралар кешені өткізілген соң бақылау камералары ұрының айшықты белгілерін анықтауға көмектескен. Осыдан кейін бағдар басқа бөлімшелерге жіберіледі.

Нәтижесінде күдікті қамауға алынған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам мегаполисте бірқатар қылмыс, соның ішінде алаяқтық пен ұрлық үшін іздеуде жүрген екен.

Ауыл дүкеніндегі жағдайға келсек, күдікті дүкен иесінің сеніміне кіріп, қоңырау шалып алуға оның ұялы телефонын сұрағаны белгілі болды. Осы уақыт ішінде ол кәсіпкердің есепшотынан 90 мың теңгені аударып үлгерген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары ер адамның басқа да осыған ұқсас фактілерге қатыстылығын анықтайды. Күдікті қамауға алынды.

Еске салсақ, Қарағанды облысы Теміртау қаласында 25 жастағы алаяқ қыз зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлап кеткені туралы жазған едік.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 25 жастағы қыз өз кінәсін мойындады. Ол бұрын да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған алаяқ екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892248-symkenttik-alaak-ksipkerdi-kaspiinen-zine-aksa-audaryp-algan/