Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның соңғы аймағы "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстанның соңғы аймағы "қызыл" аймақтан шықты. 5 қаңтарда Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында жаңа деректер келтірілген.

Соған сәйкес, қазіргі уақытта "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша бес өңір "сары" аймақта қалып отыр. Олар: Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау облыстары, Солтүстік Қазақстан облысы, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан. Барлық басқа аймақтар, оған қоса тұтас ел "жасыл" аймаққа жатады.

Еске салсақ, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де қиын. Бүгінде 220 елде 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды. Ал Қазақстан қазір қаупі төмен "жасыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен онлайн брифингіде белгілі болды.

Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы коронавирус жұқтырғандардың санының артуына байланысты COVID-19-дың "сары" аймағына енді. Семей әкімшілігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.

Айта кеткен жөн, өткен тәулікте 723 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 158 302-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892266-koronavirus-kazakstanny-sogy-ajmagy-kyzyl-ajmaktan-sykty/

pixel