Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"COVID-19 пандемиясы 2017-де жоспарланған": Желідегі ақпарат қаншалықты рас

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде коронавирус пандемиясының алдын ала жоспарланғаны жайлы хабарламаны бөлісіп жатыр. Оған себеп – 2017 жылғы қазан айында The Washington Post сайтында жарияланған мақала. Онда әртүрлі елдердің үкімет мүшелері мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысқан пандемиялық оқу-жаттығу туралы жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Stopfake сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, мақала COVID-19-тың алдын ала жоспарланған акция екенін дәлелдемейді.

Пандемиялық оқу-жаттығулар соңғы 20 жылда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мысалы, "Қараңғы қыс" – шешек пандемиясына дайындық (2001), "Атлантикалық дауыл" - транс-атлантикалық биотеррористік шабуыл кезіндегі іс-қимылдар (2005) және "Клэйд-х" – вакцинасы әлі табылмаған жаңа вирусқа арналған сценарий (2018).

Қастандық теориясын жақтаушылар пандемия "сценарийі" деп те атайтын басқа оқу-жаттығулар "Оқиға 201" деп аталады.

Олар 2019 жылы өткізіліп, коронавирус пандемиясының идеясына негізделген болатын.

Сценарий коронавирус бұрыннан қауіпті деп танылғандықтан таңдалды және ғалымдар вирустың нақ осы тобы басқа вирустарға қарағанда індет тудыруы мүмкін екенін талай айтқан.

Қалған бөлігінде сценарий қазіргі COVID-19 пандемиясынан өзгеше.

Оқу-жаттығуға сәйкес, вирус Бразилиядан шыққан, әлдеқайда жұқпалы және өлім-жітім көрсеткіші аса жоғары болған, ал вакцина халықтың 90 пайызы ауырған кезде ғана әзірленді.

Осы оқу-жаттығу нәтижесінде нақты қауіп туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер алгоритмі жасалады.

Фото
Мақала, скриншот: Stopfake.kz

Мақалада айтылып отырған 2017 жылы Дүниежүзілік банк өткізген оқу-жаттығу жұмыстары Батыс Африкада басталған және 11 мыңнан астам адамның өмірін қиған Эбола індетінен кейін ұйымдастырылған.

2017 жылы жүргізілген симуляция бірнеше ел үкіметінің денсаулық сақтау, туризм, қаржы салаларындағы пандемия қаупіне реакциясын қамтыды. Сондай-ақ, симуляция сценариінде әлеуметтік желілер арқылы жаңалықтар тарату және олардың пандемияның дамуына әсері де болды. Мәселені шешудің әртүрлі нұсқасында шекараларды жабу және саяхатқа тыйым салу мүмкіндіктері қарастырылды.

Дегенмен, 2017 жылғы симуляцияда COVID-19 пандемиясының даму барысына нақты сәйкестіктер жоқ. Симуляцияның өзі болмаған оқиға емес. Демек, пандемиялық оқу-жаттығу - бүкіл әлемдегі құтқарушыларға арналған әскери жаттығулар мен симуляцияларға ұқсас әдеттегі құбылыс. Олардың кейбірін болашақтағы қайғылы оқиғалардың "сценарийі" деп санауға болмайды.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892274-covid-19-pandemiasy-2017-de-zosparlangan-zelidegi-akparat-kansalykty-ras/

pixel