Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңізде коронавирустан емделіп жатқандар саны 700-ден асты

Опубликовано:

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

700-ден астам адам Теңіздегі инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, Атырау облысында 51 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған (32 науқас Теңіз кен орнында).

5 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тағы 149 адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды. Оның ішінде 144 адам Теңіз кен орнындағы жұмысшылар деп хабарлады "Ақ Жайық" өңірлік басылымы Атырау облысының санитарлық-эпиедмиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, инфекция жұқтырғандар арасында Атырау қаласынан келген төрт емделуші де бар. Жылыой ауданынан – 1. Қазір Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда барлығы 778 адам ем қабылдап жатыр.

Өткен тәулікте облыста 43 адам коронавирустан жазылып шыққан. Қазіргі уақытта 290 атыраулық тұрғын үй жағдайында ем алып жатса, облыстық инфекциялық стационарда 91 адам, аудандық инфекциялық стационарда 38 адам ем қабылдап жатыр. Қалғаны Теңіздегі инфекциялық стационарда дәрігерлердің бақылауында.

Еске сала кетсек, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Теңіз кен орнында жедел штаб құрылып, карантин шаралары күшейтілді. Теңіз кен орнына кіретін және одан шығатын орындарға бекеттер қойылды.

Вахтаға келген жұмысшылар бір аптаға карантиндік стационарларға жатқызылып, олардан COVID-19-ға ПТР-тест алынады. Сонымен қатар жұмысшылар вахтадан кетерден бес күн бұрын да ПТР-тес тапсырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892299-teizde-koronavirustan-emdelip-zatkandar-sany-700-den-asty/

pixel