Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер сілкінісі де болуы мүмкін": Экстрасенс алматылық атқамінерлерге үндеу жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: kajetta/Instagram

"Сиыр" жылы - елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болмақ. Нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы осындай. Ал экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді деп жазады Астана телеарнасы.

Нумеролог Құралай Бақытқызы алдағы жылы да медицина және әскери саланың қызметкерлеріне артылатын жүктің азаймайтынын жеткізді. Дегенмен, 2020-жылдағыдай қиындықтар болмайды, дейді ол.

Оның сөзінше, биыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ.

"Осы жыл ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып бір кәсіпті игеріп алдыға шағын бизнес ашады ма? Жалпы, өзін дамытып, бағалап, өсетін жыл", - дейді нумеролог.

Құралай Бақытқызы алдағы 6 ай қиындық тудыруы ықтимал екенін де айтады. Сондықтан, адамдарға жолға шыққанда сақ болуға кеңес береді.

Ал экстрасенс Қажет Ахметжанова болса, коронавирустан құтылатын уақытты болжады.

"Ол осы наурызда кетеді, коронавирус. Бірақ та коронавирустың тағы бір формасы келейін деп тұр. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір формасы келеді. 2023 жылға дейін 3 формасымен ауырады адамдар", - дейді ол.

Сонымен қатар экстрасенс Алматы қаласының атқамінерлеріне үндеу жасады. Өйткені оның сөзінше, 2021 жылы судан қауіп бар екен.

"Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін алдын алу қажет", - дейді Қажет Ахметжанова.

Одан бөлек, экстрасенс 2021 жыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болатын жыл дейді. Ерекше дарынды балалар өмірге келуі мүмкін. Сиыр жылы - көпшіліктің баспаналы болуына да мүмкіндік беретінін жеткізді.

Бастысы жамандықты ойламау керектігін айтады.

Автор: Асылбек Данияр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892304-zer-silkinisi-de-boluy-mmkin-ekstrasens-almatylyk-atkaminerlerge-ndeu-zasady/