RU

Алматы облысында пранк жасағандардың басы дауға қалды

Пранк
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған.

Тексеру барасында бұл жайт Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда орын алғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, дегенмен Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары бұл фактіні тексерген.

Нәтижесінде мұндай жайттың орын алғаны расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және "Фольксваген Пассат" автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

Белгілі болғандай оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желіде жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелетін әрекеттерге барған.

Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылардың санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндемек болыпты.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.

Айта кетейік, осыған дейін алматылық азамат полиция қызметкерінің киімін заңсыз кигені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892367-almaty-oblysynda-prank-zasagandardy-basy-dauga-kaldy/