Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен жауапкершілік тұр": Асхат Садырбай президенттің мақаласына пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай ел президенті аталмыш мақалада аса маңызды мәселелерді көтергенін атап өтіп, оның ішінен өзіне ұнаған ойларды тізіп шықты.

Белгілі журналист Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуіне қатысты өз ойын Instagram желісінде білдірген.

"Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл. Ел үшін маңызды осынау айтулы датаның қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық “Egemen Qazaqstan” басылымында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы жарияланды. Президентіміз бұл мақалада мемлекетіміздің 30 жылда жүріп өткен жолын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп, Қазақстанның бүгіні мен болашағын саралай келе барлық маңызды мәселелерге, сұрақтарға нақты жауап беріпті.

Өзіме ерекше ұнаған ойларды қысқаша атап өтсем:

  • Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет.
  • Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс.
  • Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек.
  • Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды.
  • Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада.
  • Елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс.
  • Біз қазақтың қанына сіңген қасиет – келелі істі ақылдасып бірге шешу дәстүрін жалғастыра береміз.
  • Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ, реформаны соза беруге де болмайды.
  • Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн.
  • Саяси күштер әралуан болса да, баршасын біріктіретін және бәріне ортақ құндылық бар. Ол – қастерлі Тәуелсіздік" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Ақпарат өкілі президент мақаласын қорытындылай келе, ел болашағы білімді жастардың қолында екенін алға тартты. Оның айтуынша, жастар алдындағы ендігі міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету. Ал мемлекет сол жастарға демеу болып, мүмкіндіктер есігін айқара ашуға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892453-lken-zauapkersilik-tr-ashat-sadyrbaj-prezidentti-makalasyna-pikir-bildirdi/

pixel