Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болмақ

Опубликовано:

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елімізде мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтырулар енгізілді. Тиісті құжатқа Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Енді елімізде 22 желтоқсанда архивші күні аталып өтпек. Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында тиісті қаулы жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі" , - делінген қаулыда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892503-kazakstanda-tagy-bir-mereke-pajda-bolmak/

pixel