Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аязда жолға шыққан павлодарлық отбасы көлікте үсіп қала жаздады

Опубликовано:

Аязда қалған көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысының тұрғыны Павлодар қаласынан отбасымен Ақтоғай облысына қарай жолға шығады.

Жолда температураның тым төмен болуына байланысты ер адамның көлігі тұрып қалған.

"Біраз уақыттан кейін тоңа бастадық, тас жолда көліктер болмады және ешкім өтпеді. Бір уақытта мен отбасым үшін қорқа бастадым", – деп мойындады жүргізуші.

Бұл отбасының құтқарылу туралы үміттері үзілген кезде патрульдік полиция қызметкерлері келіп, көмек қолын созады.

"Жігіттер тоқтап, көліктің бұзылу себептерін сұрап, ыстық шай беріп, көлікті Ақтоғай өңіріне, тіке үйге қарай сүйреп әкелді", – дейді отағасы.

Жүргізуші полиция қызметкерлеріне 40 градус аязда отбасымен қиын жағдайда қалуға жол бермегені үшін алғыс айтты.

Еске салсақ, Павлодарда бірнеше күннен бері ауа температурасы - 40 градусқа дейін жетіп, аяз қатты болып жатыр. Қолайсыз ауа райы салдарынан кіреберістегі есіктер мен қабырғаларға мұз қатып қалған.

Сонымен қатар, еліміздің Ішкі істер министрлігі қатты аязға байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Қаңтардың алғашқы күндерінде республика аумағында қатты суық, сондай-ақ желдің күшеюі күтілуде, жолдарда көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892510-aazda-zolga-sykkan-pavlodarlyk-otbasy-klikte-sip-kala-zazdady-video/

pixel