"Айыппұл бес есеге өседі": Қазақстандағы көлік жүргізушілер нені білуі керек
Жарияланған күні:
Қазақстанда 2021 жылдың шілде айынан бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енбек.
Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады, я болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген.
- жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК немесе 29 170 теңге (қазіргі кезде осы айыппұлдың көлемі 2 АЕК-ті – 5 834 теңгені құрайды);
- заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК немесе 291 700 теңге.
Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.
- жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК немесе 58 340 теңге;
- заңды тұлғалар үшін – 200 АЕК немесе 583 400 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылы қанша көлік тіркелгенін жазған едік.
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" ұсынған ақпаратқа сәйкес, есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 1 369 668 көлікті тіркеуге қойған. Аталған көрсеткіштің өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,2 пайызға кем екені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892546-ajyppl-bes-esege-sedi-kazakstandagy-klik-zrgizusiler-neni-bilui-kerek/