Қазақстанда 2020 жылы қанша көлік тіркелді
Жарияланған күні:
2020 жылы Қазақстанда тіркелген көліктің жалпы саны белгілі болды. Бұндай ақпаратты "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ұсынды деп жазады Қазақпарат.
Ведомство мәліметінше, есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 1 369 668 көлікті тіркеуге қойған.
Аталған көрсеткіштің өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,2 пайызға кем екені белгілі болды.
Оның ішінде 1 223 677-сі бірнеше рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылып отыр.
Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 11,7 пайызға төмендеді, дейді тиісті мекеме өкілдері.
Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны артып, 145 991-ді құраған.
Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 30,8 пайыз жоғары.
"Осы көрсеткішке 2020 жылы бастапқы әрі уақытша тіркеуге қойылған Армениядан жеткізілген 17 398 жеңіл автокөлік еніп отыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында 73 жеңіл электромобиль тіркелген.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (66,9 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.
- Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі – 502 798 көлік (41,1 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер – 25,9 пайыз (316 377 көлік).
- Ал 4-тен 7 жылға дейінгілер – 210 415 көлікке (17,2 пайыз), 8-ден 10 жылға дейінгілер – 121 395 көлікке (9,9 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 60 605-ке жетті.
- Одан бөлек, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 1 пайыз (12 087 автомобиль) болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892542-kazakstanda-2020-zyly-kansa-klik-tirkeldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.