Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда медициналық колледж 1,1 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Опубликовано:

Медициналық колледж
Фото: e-auction.gosreestr.kz

Орал билігі медициналық колледжді 1,1 млрд теңгеге басқаруға бермек. Конкурс қатысушысы 175 млн теңге төлейді. Жеңімпаз үш жылдан кейін білім беру мекемесін толығымен сатып ала алады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Электрондық сауда алаңының порталында сенімгерлік басқаруға беру туралы тендер жарияланды. Бастапқы баға - 1 167 608 244 теңге.

"Колледж жеке инвесторға үш жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен беріледі. Үш жыл ішінде басқарушы жыл сайын 30, 45 және 55 миллион теңге көлемінде инвестиция салуға міндетті. Таза пайдасының 10 пайызын бюджетке аударуып отыруы керек", - делінген лотоның жазбасында.

Кепілдік жарнасы 175 миллион теңгені құрайтын ең жоғары бағаны ұсынған кәсіпкер жеңімпаз болады.

"Медициналық колледж сенімгерлік басқаруға көшеді, ал оқу орнының негізгі қызметі қалады. Бұл студенттерге ешқандай әсер етпейді, колледж бюджеттік білім беру жүйесіне қатысады", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалыбеков.

Айта кету керек, былтыр Оралда екі колледж жеке меншікке өткен болатын. Шенеуніктердің айтуынша, бизнесмендер тек теорияны ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелерінде білімді тәжірибеде қолдануға көмектеседі.

Еске сала кетсек, қазақстандық шенеуніктер 2020 жылы Apple компаниясының қымбат гаджеттерін сатып алу үшін бюджеттен миллиондаған ақша жұмсағанын жазған едік. Бұған мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған ақпарат дәлел болмақ.

Мысалы, өткен жылы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы жалпы құны 419 мың теңгеге үш жұп AirPods pro Bluetooth құлаққаптары мен кіріктірілген микрофонын сатып алуға конкурс жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892583-oralda-medicinalyk-kolledz-11-mlrd-tegege-satylymga-sygaryldy/

pixel