Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура экс-олигарх Тоқтар Төлешовке қатысты тағы да іс қозғады

Опубликовано:

Тоқтар Төлешов.
Тоқтар Төлешов сотта. Шымкент, 2017 жылғы 1 қараша. Фото: azattyq.org

Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты тағы да сот басталуда. Жаңа процестің басталуына Еңбекші ауданының прокуратурасы берген талап арыз себеп болған. "Дархан Group" ЖШС-нің бұрынғы серіктестері мен қатысушылары, сондай-ақ бұрынғы олигарх Тоқтар Төлешовтің өзі айыпталушы ретінде сотта жауап беруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талап арызда прокуратура ЖШС-нің бірқатар хаттамалары мен мәмілелерінің жарамсыз болуын талап етуде. Қадағалау органының мәліметінше, 2016 жылы серіктестер Төлешов қамауға алынған кезде оның иелігінен бірқатар нысандарды заңсыз шығарып алған.

Нысандардың арасында "Арман" балабақшасы мен Сарыағаштағы өндірістік алаң бар. Сонымен қатар, прокурордың талаптарында көрсетілгендей, бұл нысандарды иеліктен шығару үшін Төлешовтің өзінен де, оның заңды әйелінен де келісімі алынбаған. Иеліктен шығару процесі заңды бұза отырып жүзеге асырылғаны алға тартылды.

Мұндай әрекеттер Төлешовке айтарлықтай материалдық шығын келтірген. Өз кезегінде, бұл мемлекет мүддесіне де кері әсерін тигізіп отыр. Себебі, бүгінде уәкілетті органдар 2016-2017 жылдардағы үкіммен мемлекет кірісіне тәркілену шешімі қабылданған Төлешовтің мүлкін тәркілей алмай отыр.

Прокуратура Шымкенттегі балабақша мен Сарыағаштағы өндіріс алаңын бұғаттап үлгерді. Жалпы, прокурордың талабы іс жүзінде Төлешовтің бұрынғы талаптарына ұқсас. Олар бойынша 2020 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында екі сот процесі өткізілген болатын.

Ол кезде сот шешімдерімен Төлешовтің барлық талаптары қанағаттандырылмаған болатын.

"2021 жылы 8 қаңтарда прокурордың талап арызы бойынша негізгі сот отырысы тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892650-prokuratura-eks-oligarh-toktar-tlesovke-katysty-tagy-da-is-kozgady/

pixel