Шымкентте газ баллоны жарылып, 2 адам зардап шекті
Жарияланған күні:
Шымкентте газ баллонының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті, оның біреуі бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 7 қаңтар таңғы 06:20 кезінде кезекші-диспетчерлік қызметке Жұлдыз шағынауданы Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 литрлік газ баллоны 04.49-да жарылғаны туралы хабарлама түскен.
Салдарынан 30 шаршы метр аумақты қамтитын қабырға құлаған. Үйдің жалпы ауданы 144 шаршы метр.
Газ жарылуының алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Белгілі болғандай 6 қаңтар кешкісін үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған (50 литрлік газ баллоны толығымен толтырылды), сосын оны үйдің ішіне кіргізген.
Түнде газдың иісін сезіп, тексеру үшін тұрған. Алдын-ала мәлімет бойынша осы кезде абайсызда электржарығы қосылған.
Мамандардың болжамынша, осы себепті газ-ауа тарсылы пайда болып, содан кейін жарылыс орын алған.
Жарылыс салдарынан үй иесі, 1985 жылы туған азаматша екі қолдың, аяқтың және беттің 2-3 дәрежелі 23% күйік диагнозымен, үй иесінің 2006 жылы туған қызы кеуде қуысының жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 13 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеген.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда газдың атылуынан өрт шығып, бір адам қаза тапқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892705-symkentte-gaz-ballony-zarylyp-2-adam-zardap-sekti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.