RU

Алматыда сериялық айна ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті (фото, видео)

Қылмыскердің айнаны ұрлау сәті
Фото: видеодан кадр/Polisia.kz

Алматыда сериялық айна ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, 30 жастағы ер адам бұған дейін мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болып шықты. Ол қымбат көліктерден бүйір айналарды ұрлаумен айналысқан.  Бұл жолы қылмыскердің әрекеттерінен 54 жастағы әйел зардап шекті.

"Төлебаев көшесінде тұрған өзінің “Лексус-570” автокөлігінен белгісіз біреудің  бүйір айналарын алып тастағаны туралы З.есімді азаматша дереу хабар берді.  Осы қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.  Бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті тез анықталды.  Бұл бұрын осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туған Р.есімді азамат.  Айтпақшы, жедел-іздестіру іс-шараларының алғашқы сағаттарында оның автокөлік айналарын ұрлаудың 10 эпизодына қатыстылығы дәлелденді.  ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін “жеңіл ақша әуесқойының тізімі” деп аталатын жазбаға толықтырулар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.  Тергеу жалғасуда" , – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Анықталғандай, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды  Заттай дәлелдемелер – ұрланған айна, тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892774-almatyda-serialyk-ajna-rysy-kylmys-stinde-kolga-tsti-foto-video/