Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді: Оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы бала қамауға алынды. Жасөспірім жанжал кезінде анасын пышақтап, көшеге жалаңаяқ шығып кеткен. Жантүршігерлік қылмыс болған үйдің тұрғындары қатты шошып қалған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Марқұмның көршісі Евгений Васильевтің сөзінше, қылмыс болғанын тәртіп сақшылары келген соң ғана білген.

"Баланы бір-екі рет қана көргенмін. Қаза тапқан келіншекті жақсы танимын. Өте ақжарқын адам еді. Біздің подьездің белсендісі болатын. Мен ештеңе естіген жоқпын. Таңертең тыныш болды. Полиция келген соң ғана қылмыс жасалғанын білдік. Тұрғындардың бәрі қорқып қалған", - дейді ол.

Телеарна мәліметінше, қанды қылмыс таңғы сағат бес шамасында көпқабатты үйде болған.

Көршілері бұл отбасының бұрын-соңды ұрысқанын естімедік деп отыр.

Олардың сөзінше, ауруханаға жетпей жан тапсырған жалғызбасты әйел заңбұзушылыққа қарсы шығып, белсенділігімен жиі көзге түскен. Ал анасына бірнеше жерден пышақ сұққан соң кәмелетке толмаған бала далада жалаңаяқ арлы-берлі жүріпті.

Қыстың көзі қырауда қар үстімен аяқ киімсіз жүрген жасөспірімнің оғаш қылығын көрген тұрғындар бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Полиция оқиға орнына жетіп, бозбаланың қылмыс жасағаны анықталыпты.

Күдікті бірден қолға түсіп, қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу жүргізілуде. Бұл тергеу әрекеттеріне міндетті түрде психолог мамандар қатысуда. Алдын ала болжам бойынша, бұл балада жүйке ауытқуы болуы мүмкін. Бірақ оны нақты сот-психиатриялық сараптама анықтайды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892854-almaty-15-zastagy-zasspirim-anasyn-ltirdi-degen-kdikke-ilindi/

pixel