Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Жанболат Мамай коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарап жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: Zhanbolat Mamay/Facebook

Әлеуметтік желілерде Жанболат Мамайдың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

8 қаңтарда әлеуметтік желілерде Жанболат Мамайдың коронавирус инфекцияcын жұқтырғаны туралы ақпарат кеңінен таралып, көпшіліктің талқысына түсті.

Олардың басым бөлігі "Демократиялық партия" бастамашыл тобының жетекшісін жерден алып, жерге салуда.

"Жанболат Мамайдың аузынан коронавирус жұқтырдым деген сөз шықты ма? Өзіне 10 қаңтарда алаңға шақырып отырған жұрттың денсаулығымен ойнауға кім рұқсат берді екен?

Кеше ол от пен судан бірге өткен әйелінің көзіне шөп салады дегенді де естідім. Ал жексенбіде коронавирусын жұртқа жұқтырудан тайынбай отыр. Үндеуіне кім қосылады бұдан кейін. Оппозициямыз дейтіннің көбінде ар-ұят жоқ. Халықтың үнін айтамын дейді тағы", - деп ашынды Дана Еспаева есімді оқырман.

Сонымен қатар, Наташа Сафона атты желі қолданушысы Жанболат Мамайдың коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін ескертіп, бір істі бастамастан бұрын оны жүз рет ойлануға шақырды.

Одан бөлек Махамбет Данияров атты ер адам да белсендіні сынап өтті.

"Жанболат Мамай әйелі Инга Иманбайдың көзіне шөп салады деген сыбыс бар. Телеарнада жұмыс істейтін бір жас қызбен. Қызық ә? Рухани жаңаруға үндеп алып, ал өзің әдеп пен ар-ұятты ұмыта саласың.

Әділдік пен адалдық үшін күресесің бе? Өзің үлгі бол. Әйтпесе екіжүзділік болып шыға келеді", - деді ол.

Жазбалар негізінен Facebook-тегі "Әлем Қазақтары", "Жұрт не демейді", "Ел не дейді", "ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ", "ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?", "Оян, қазақ!", "Қоғам үні" және тағы басқа қазақ тілді топтарда жарық көріп, барлығы 19-ға жуық топты қамтыған.

Айта кетейік, Журналист Жанболат Мамай – "Демократиялық партия" бастамашыл тобының жетекшісі.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 843 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 161 493-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892885-zelide-zanbolat-mamaj-koronavirus-zktyrdy-degen-akparat-tarap-zatyr/

pixel