Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасымен жанжалдасып, үйден қашқан оқушы қыз Шымкент қаласынан табылды

Опубликовано:

Жоғалған қыз
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының тұрғыны полицияға хабарласқан. Анасы 11 сынып оқитын қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары жасөспірімді Шымкенттен тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, ұшты-күйлі жоғалған қызын тауып беруге көмек беруін сұраған. Анасының айтуынша түнгі уақытта 11-сынып оқитын қызы екеуі арасында түсінбеушілік орын алып, ренжіген қызы сыртқа шығып кеткен. Ашуы басылғасын кіреді ғой дегенмен, қыз сол күйі жоқ болады. Содан ата-анасы жасөспірімді өздері 2 күн бойы іздеп таба алмайды. Іздестірулерінен нәтиже шықпағаннан кейін барып, полицейлерге хабарлайды.

Ақпарат алысымен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден кәмелет жасына толмаған қызды іздеуге кіріседі. Оның баруы мүмкін жерлермен, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алады. Туыстарынан сұрастырады. Жоғалған қызды табуға қажетті барлық шараларды іске асырады. Соның нәтижесінде қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылып, Шардара қаласына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

Тексеру барысында анықталғандай анасына ренжіген жасөспірім қыз, бірінші күні Шардара қаласындағы құрбысының үйіне қонған. Ал, екінші күні Шымкент қаласындағы туысының үйінде болған.

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері барша ата-аналарға кәмелетке толмаған ұл-қыздарымен өтпелі кезеңде түсіністікпен тілдесіп, олармен дос болуға шақырады.

Жасөспірімдерге үлкендердің рұқсатынсыз үйден алыс кетпеу керектігін үнемі ескертіп отыру қажеттігін алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892912-ata-anasymen-zanzaldasyp-jden-kaskan-okusy-kyz-symkent-kalasynan-tabyldy/

pixel