Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шопан бала": Жамбылдық Тiк-Тоk жұлдызы Талдықорғанда ұсталды (видео)

Опубликовано:

полиция көлігі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде әлеуметтік желіде танымал болған жамбылдық шопанды ұсталды. Ол тамақтану орнында оқырмандарымен кездесу өткізіп, карантин талаптарын өрескел бұзған.

Тiк-Тоk жұлдызының ұсталған сәтінде түсірілген видо желіде тарап кетті.

"9 қаңтарда Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жасөспірімдер жиналған. Анықтау барысында осы нысанда Жамбыл облысының тумасы 200-ге жуық оқырманымен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің бапасөз қызметі.

Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер естіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892947-sopan-bala-zambyldyk-tik-tok-zldyzy-taldykorganda-staldy-video/

pixel