Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Укол салған": Нұр-Сұлтан емханаларының бірінде әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Укол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде 33 жастағы әйел елорда ауруханаларының бірінде анафилактикалық шоктан қайтыс болды деген ақпарат тарады. Қайғылы оқиға орын алған Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында емханаға "квота бойынша түскен 33 жастағы науқастың қайтыс болғаны" туралы ақпарат жарияланды.

"Бір уколдан кейін азаматшада анафилактикалық шок болып, ол қайтыс болды", - деп жазылған парақшада.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында болған.

"2021 жылы 8 қаңтарда Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында расымен науқастың өлімі тіркелді. Институт ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл жағдайға қатысты уәкілетті органдармен комиссия тағайындалып, Әділет министрлігіне қарасты органдар сот-медициналық сараптама жүргізді", - дейді институттың баспасөз хатшысы Дана Уанбаева.

Оның айтуынша, бұл жағдай аталған мекеменің дәрігерлері үшін резонанстық жағдай болуда.

Пациентке қатысты қосымша дерек, диагнозы және басқа да жеке ақпарат тергеу мүддесі үшін және денсаулық сақтау саласындағы отандық заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды деп атап өтті ол.

"Осыған байланысты біз қоғамнан шыдамдылық танытып, тергеу аяқталғанға дейін сабыр сақтауды сұраймыз", - дейді ғылыми-зерттеу институтының өкілі.

Сондай-ақ KAZ.NUR.KZ тілшілері түсініктеме алу үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жүгінді. Департамент оқиғаға кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893067-ukol-salgan-nr-sltan-emhanalaryny-birinde-jel-kajtys-boldy/

pixel