jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Балконда салбырап тұрған азамат жұрттың қызу талқысына түсті

Фото
Видеодан кадр: Instagram/kris_p_almaty

Әлеуметтік желіде ер адамның балконда салбырап тұрған сәті тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео мен фотолар Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty тобында пайда болды.

Кадрдан ер адамның балконда салбырап тұрғанын байқауға болады. Тағы бір суретте оның белгісіз арумен әңгімелескені де көрінеді.

Алдын-ала болжам бойынша, аталмыш жайт Алматы қаласындағы Арбат саябағының маңында орын алған.

Видеоны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге жарылған.

Бірі видеоны көріп, көңіл-күйлері көтерілгенін жеткізген.

"Күйеуі жұмыстан ерте келген сияқты", "Ары қарай не болғаны қызық болып тұр", "Банктен адамдар келіп қалды", деп қалжыңдады олар.

Ал екінші тарап бұндай видеоларды жариялаудың дұрыс емес екендігін түсіндіруге тырысып бақты.

"Видео авторы сенің жасағаның ер азаматқа тән емес", "Видео күлкілі болғанымен, өте қорқынышты", "Не болып барамыз, осындай сәттерді де видеоға түсіретінін болған ба?", "Балконға ілініп тұрған жігіттікі де дұрыс емес, түсірген видео авторының да әрекетін қолдамаймын" деп жазды қарсы тарап.

Одан бөлек, пікір білдіргендердің арасында видеоны дүкеннің жарнамасы дегендер де табылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобустың артына жармасып алған экстремалдың видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қауіпсіздікті өрескел бұзу екенін атап өткен болатын.

Балконда салбырап тұрған азамат жұрттың қызу талқысына түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.