Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда фельдшерлер жас келіншекті жедел жәрдем көлігінде босандырып алды

Опубликовано:

Фельдшер
Фото: Атырау облысы коммуникациялар қызметі

Атырауда фельдшерлер жедел жәрдем көлігінде 20 жастағы келіншекті босандырып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қала маңындағы Еркінқала ауылынан жедел жәрдемге шақырту түскен.

Фельдшерлер бригадасы шақырту орнына 10 минутта жетіп, бірден облыстық перинаталдық орталыққа бағыт алған.

Алайда жедел жәрдем көлігінде келіншектің толғағы күшейіп, босанып қойған. Фельдшерлер нәрестенің кіндігін кесіп, анасы мен баласын перинаталдық орталыққа жеткізген.

Ақ халаттылардың, атап айтқанда жас фельдшер Мағжан Сүйіндіковтің арқасында салмағы 3200 келі, бойы 48 см ер бала өмірге келген.

"Менің тәжірибемде жедел жәрдем көлігінде босанған төртінші жағдай болғандықтан қобалжымадым. Барлығы жақсы аяқталды. Дегенмен босанатын әйелдерге күтпеген жағдайлармен бетпе-бет келмес үшін, толғағы туралы мүмкіндігінше ертерек хабарлауға кеңес беремін", - дейді Мағжан Сүйіндіков.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы жақсы.

Еске сала кетсек, 31 желтоқсанда жүктіліктің 31 аптасында өмірге келген нәресте Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізілген еді.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шала туған нәрестені санитарлық авиация көмегімен тасымалдау туралы өтініш 31 желтоқсанда түнгі сағат 04:30-да түскен.

Баланың тыныс алуы қиындап, тумасынан пневмонияға шалдыққаны анықталған.

Кейін облыс орталығынан неонаталды бригада келіп, бір сағат ішінде сәбидің жағдайы тұрақтандырылып, содан соң Павлодарға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893117-atyrauda-feldserler-zas-kelinsekti-zedel-zrdem-kliginde-bosandyryp-aldy/

pixel