Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі - Алан": Атышулы Байзақова алғаш рет көпшілікке ұлын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Байзақова ұлымен
Фото: Instagram/bayzakova

Ғаламтор кеңістігінде ашық образдарымен танылған атышулы блогер Айжан Байзақова алғаш рет қалың көпшілікке өз ұлын көрсетті. Желі жұлдызы перзентімен түскен суретін жариялап, ол туралы тың мәліметтермен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова ресми түрде барша желі қолданушыларын өзінің туған ұлымен таныстырды. Атышулы блогер Instagram парақшасында баласымен түскен фотосын жариялап, алғаш рет оның түрін қалың көпшілікке көрсетті.

Белгілі болғандай, бүлдіршіннің есімі - Алан. Желі жұлдызы ұлын некесіз босанғанын жасырмай ашық айтты. Оның сөзінше, сүйіктісі екеуі бүгінде заңды ерлі-зайыпты болмаса да, бір шаңырақ астында тұрып жатыр.

"Ұлыммен таныстыратын уақытта келіп жеткен секілді. Есімі - Алан. Ол маған мүлдем ұқсамайды. Мұндай жігітті жасырудың не қажеті бар? Барлығы көрсін деп шештім. Шындығына келгенде, баланы тығып жасыру өте ыңғайсыз. Алан алты айда болғанда біз екеуміз Астанаға ұштық. Сол кезде көптеген ер азаматтар тығылып оны суретке түсіре бастады. Қатты таңғалдым. Бұл кезде маған бізбен бірге ұшып бара жатқан Тамара Асар өте қатты көмектесті. Ол маған "уайымдамай тыныш отыр, бәрі саған қарап тұр" деді де, менің баламды қолына алды. Ол кісіге деген алғысым шексіз.

Мен үйге келетін барлық туған-туыс пен таныстардың барлығына дерлік ұлымды суреткен түсіруге рұқсат етпейтінмін. Алайда, кейіннен желіде оның кішкентай кезіндегі фотолары мен туу туралы куәлігі тарап кеткен соң, мүлдем ешкімге сенбейтін болдым. Ал енді мен баламды көрсетуге дайынмын. Негізінде, мен оны көз тию кесірінен жасырған емеспін. Мен перзентім өзіне деген асқан қызығушылық салдарынан өзінің балалық шағынан айырылып қала ма деп қорықтым. Бірақ, бүгінгі күні байқағаным бұл жігіт өзіне деген қызығушылықты өте жақсы көреді.

Бұл суретпен бөлісер алдында ұзақ ойландым. Сіздерден сұрайтыным: мен өзіме айтылған керағар пікірлерге көз жұмсам, туғандарыма қатысты айтылған жа,ымсыз пікірлерге шыдамаймын. Сол себепті, пікір жазарда абай болыңыздар" , - деп жазды Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893131-esimi---alan-atysuly-bajzakova-algas-ret-kpsilikke-lyn-krsetti-foto/