Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкшені төсек қатынасы кезінде өлтіріп алған қарағандылық жігіттің ісі қайта қаралмақ

Опубликовано:

Жезөкше
Көрнекі сурет: Fotolia / Photographee.eu

Қарағанды ​​облыстық соты жезөкшені өлтіру ісі бойынша сотталған 19 жастағы Теміртау қаласының тұрғынына қатысты сот үкімінің күшін жойды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі өзге құраммен сотта қайта қарауға жіберді. Сот апелляциялық сатыға сотталушының адвокаты мен прокурордан шағымдар түскенін хабарлады.

Қорғаушы сот үкімін жеңілдетуді сұраған, ал мемлекеттік айыптаушы істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормалары бұзылғанына байланысты үкімнің күшін жоюды талап етті.

"Судьялар алқасы негізгі сот талқылауы ережелерінің, сауалнамаға сұрақтар құрудың және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың өзге де нормаларының бұзылуын анықтады. Сондықтан қылмыстық іс дәл сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді", - деп қосты Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін 19 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтіргені туралы хабарланған еді..

Жәбірленуші тарап одан материалдық шығын үшін 380 мың теңге және моральдық шығын үшін 10 миллион өтемақы өндіріп беруді сұрады. Алқабилер сотталушыны айыпталған баптар бойынша кінәлі деп тауып, ол ең төменгі қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген еді.

Сот сонымен бірге жәбірленуші тараптың талаптарын ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан 3 миллион 250 мың теңге өндіріп алды. Сондай-ақ, жігіттен 1,4 млн теңге көлеміндегі процессуалдық шығындар өндірілгені де айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893207-zezkseni-tsek-katynasy-kezinde-ltirip-algan-karagandylyk-zigitti-isi-kajta-karalmak/

pixel