Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы орталығында болған жаппай жол апатынан үш адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Алматыда Тілендиев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында алты көліктің қатысуымен жол апаты болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам зардап шекті деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылым мәліметіне сәйкес, Абай даңғылында бес көлік тұрған - олардың жүргізушілері Тілендиеваға солға бұрылу үшін қосымша бағдаршам сигналын күтіп тұрады. Дәл осы сәтте Audi 100 автокөлігі шығыс бағытта келе жатқан.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Алдын ала ақпарат бойынша, Audi жүргізушісі көліктердің арасымен қыстырылысып өтіп кетпек болғанымен, сыймай қалған.

Алдымен неміс көлігі Hyundai Sonata көлігіне соғылып, одан әрі қарай сол жақ жолақтағы Nissan Maxima-ға соғылады. Содан кейін Toyota 4Runner көліктерге соқтығысып, соққыдан жол талғамайтын көліктің дөңгелегі жұлынып қалады. Ұшып түскен дөңгелек алдында тұрған Chevrolet-ке тиген.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Соңында, Audi Lexus GS-ке соғылды. Соқтығысудың қатты болғаны соншалық, Lexus көлігінің артқы жағы ішке қарай мыжылып, көлік қиылысқа ұшып түскен. Audi-дің өзі жолдың қарсы бетіне шығып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жарақат алды - Lexus жүргізушісі, Audi жүргізушісі және оның жолаушысы.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Еске салсақ, бұған дейін елімізде алдағы аптада аяз күшейіп, көктайғақ болатынын ескерткен синоптиктер алыс жолға шықпауға кеңес берген еді.

Төтенше жағдайлар қызметі де аязды күндері сақтық шараларын барынша естен шығармауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893224-almaty-ortalygynda-bolgan-zappaj-zol-apatynan-s-adam-zardap-sekti-foto/

pixel