RU

"Ертегідегідей": Тұрсынбаева Бурабайдағы мұзда Димаштың әніне би биледі (видео)

Элизабет Тұрсынбаева мұз үстінде
Фото: Видеодан кадр

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Бурабайда отандасы Димаш Құдайбергеннің әніне би биледі. Спортшы қыз мұз үстінде бар өнерін паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Элизабет Тұрсынбаева мұз үстіндегі биінің видеосын Instagram парақшасында жариялап, ел назарына ұсынған. Белгілі мәнерлеп сырғанаушыны арнайы квадрокоптерге түсірген.

Элизабеттің айтуынша, ол Бурабай көлінде сырғанап, өзінің кішігірім арманын орындаған.

"Кеше алғаш рет Бурабайға барып қайттым. Мен ғажап мекеннің әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, уақытымды тиімді өткіздім. Мен өзімнің кішігірім арманымды орындадым. Көлде Димаш Құдайбергеннің «Знай» әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты", – деп ағынан жарылды 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы.

Спортшы арудың жанкүйерлері оның ерекше жердегі видеосына тәнті болып, оған өзінің жылы лебіздерін жарыса білдірді.

"Неткен ғажайып көрініс" , "Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес" , "Өнеріңізге тәнтімін. Өте керемет шыққан видео" , "Ертегідегідей, Өте әдемі, Лиза, жарайсың" , "Қазақстан неткен керемет еді. Біздің елдің табиғатына еш нәрсе жетпейді" , "Бұл видеода бәрі керемет. Мін жоқ" , "Димаштың әніне би билегенін өте орынды болған. Өз елінің әсем жерінде өз отандасының әніне сырғанауға не жетсін" , "Элизабет сен ертегідегі ханшайым секілдісің" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893267-ertegidegidej-elizabet-trsynbaeva-burabajda-mz-stinde-dimasty-nine-bi-biledi-video/