Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "пандемия жоқ" деп мәлімдегені рас па

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желілерде "ДДСҰ-ның әлемде COVID-19 пандемиясы жоқ және болмаған" деген мәлімдемесіне сілтеме жасалған хабарлама пайда болды. Бұл – бұрынғы фейк. Ұйым мұндай мәлімдеме мүлдем жасамаған деп хабарлайды Stopfake.kz

"Бұл фейктің шығуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылғы 8 маусымда өткен баспасөз брифингі себеп болды. Әлемде пандемия жоқ деген сөзді осы ұйымның өкілі, эпидемиолог Мария Ван Керкхове айтқан дейді. Шындығында, ол бұл туралы ештеңе айтпаған. Ол брифингте симптомсыз науқастар COVID-19 белгілері бар адамдарға қарағанда басқаларға аз қауіп төндіретінін мәлімдеген", - делінген хабарламада.

Халықаралық басқарманың бас директоры Тедрос Гебрейсус та әлемде пандемия жоқ екендігі туралы хабарламағаны белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 пандемиясын ресми түрде жариялады.

Пандемияның аяқталуы туралы әлі жарияланбады.

Фото
Көрнекі фото: Stopfake.kz

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 692 қазақстандықтан коронавирус анықталған болатын. Осылайша ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 163 711-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893294-dniezzilik-densaulyk-saktau-baskarmasy-pandemia-zok-dep-mlimdegeni-ras-pa/

pixel