Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 692 қазақстандықтан коронавирус анықталған

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты соңғы мәліметті жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 67

Алматы қаласы - 110

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 60

Ақтөбе облысы - 3

Алматы облысы - 75

Атырау облысы - 74

Шығыс Қазақстан облысы - 27

Жамбыл облысы - 17

Батыс Қазақстан облысы - 47

Қарағанды облысы - 41

Қостанай облысы - 62

Қызылорда облысы - 6

Павлодар облысы - 23

Солтүстік Қазақстан облысы - 52

Түркістан облысы - 20

Осылайша ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 163 711-ге жетті.

Айта кетйік, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90 миллионнан асып кетті.

Соның ішінде АҚШ-та 22,2 миллион адамға COVID-19 диагнозы қойылған.

Екінші орында Үндістан тұр. Мұнда коронавирус жалпы 10,4 миллион адамнан табылған.

Ал Бразилияда 8 миллионнан астам адамнан инфекция анықталған.

Жалпы пандемия басталғалы бері жер бетінде 1,93 миллион адам вирустан көз жұмған. Сонымен қатар 50 миллион пациент емделіп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893228-tken-tulikte-692-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/

pixel