Павлодарда жол талғамайтын көлік ішінде науқасы бар жедел жәрдеммен соқтығысты (видео)
Жарияланған күні:
Павлодарда Елгин және Яков Геринг көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Жедел жәрдем жүргізушісі науқасты ауруханаға апара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған, салдарынан жәрдем мен жол толғамайтын көлік соқтығысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жол апаты болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан қатты жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем көлігінің қиылыстан өткені байқалады.
Осы сәтте ол екінші жақтан келіп қалған жеңіл көлікпен соқтығысқан. Арнайы көлік алған соққыдан қоршауға соғылған.
"Жедел жәрдем де өзін өткізіп жатқанына көз жеткізу керек", Жедел жәрдемде адамды өлімнен құтқарып жатты. Дабыл қосылып тұр. Науқасты жансақтау бөліміне апар жатыр", "Соқтығысқаннан кейін жедел жәрдемнің ішінде не болғанын елестету қиын", - деп жазды пікір білдірген желі қолданушылары.
Жол апатына қатысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство жедел жәрдемнің аурханаға бара жатқанын, оның ішінде пацинет болғанын, сирена дауысы қосылып тұрғанын атап өтті.
Ал Nissan Patrol бағдаршам рұқсат еткенде қозғалған.
Жедел жәрдемнің үш жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.
Еске сала кетсек, 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолында 15 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Салдарынан бір адам зардап шеккен.
Сонымен қатар еліміздің ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға бей-жай қарамауға шақырып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893476-pavlodarda-zol-talgamajtyn-klik-isinde-naukasy-bar-zedel-zrdemmen-soktygysty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.