Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы қалаулымдық ару тікелей эфир кезінде ұзатылды (видео)

Опубликовано:

"Қалаулымдағы" ұзату тойдың сәті
Фото: Видеодан кадр

Барша қазақстандықтар үзбей көретін "Бір болайық" жобасында жаңа жанұя құрылды. Атышулы бағдарламаның бұрынғы қатысушысы тікелей эфир кезінде ұзатылып, отбасылық өмірге қадам басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір болайық" жобасының үшінші маусымына қатысқан Сымбат пен Назираның қарым-қатынасы эфирден тыс та жалғасын тауып, тойға ұласқан. Атышулы бағдарламаның бұрынғы қатысушылары өздерінің қосылуына себепші болған жобаға қайта оралып, ұзату тойды студия төрінде өткізуді жөн көрген.

Сымбат сүйіктісіне тіпті үйленуге ұсынысты да тікелей эфир кезінде жасап, жұртшылықты таңғалдырған болатын.

Назираның бағдарлама барысындағы ұзатуы аса ерекше түрде өтті. Қалыңдықты сыңсу айтып ұзату мәртебесі отандық танымал әнші Құралай Бекжановаға берілген. Өнер иесі студияға жолдасы Мирас Бекжановпен бірге келіп, жас жұбайларға ақ тілегін айтты.

Назираның ұзатуына куә болған көрермендер де желіде қос ғашыққа өз құттықтауларын жолдап жатыр. Олар екі жас үшін аса қуанышты екендерін жазуда.

"Бақытты болыңыздар, сіздер соған лайықсыздар" , "Осы жобадағы хайп дегеннен аулақ сүйікті жұптарымның бірі" , "Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Сымбат және Назира үлкен бір отбасы болыңыздар. Балаларыңыз көп болсын" , "Жоба тарихында маған қатты ұнаған жұп. Қатты қуанып тұрмын сіздер үшін" , "Бақытты болыңыздар. Бір жастықта қартаюды бұйырсын" , "Көз тимесін" , - деп жазуда желідегілер.

Аталмыш ұзатудың видеолары "Бір болайық" бағдарламасының ресми Instagram парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893502-atysuly-kalaulymdyk-aru-tikelej-efir-kezinde-zatyldy-video/

pixel