Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жаңа үкіметтен не күтеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар жаңадан жасақталатын үкімет құрамын өзара талқылауға көшті. Қазір кімнің, қайда тағайындалатынына қатысты болжам көп деп хабарлайды 31 арна.

Ел тұрғындары Бауыржан Байбек, Асқар Мәмин, Қанат Бозымбаевтың аты-жөнін атап жатыр. Дегенмен, жұрт ендігі үкіметке: "қабылдайтын шешімдерін бізбен ақылдассын" деп отыр. Ал кейбір сарапшылар халықтың сеніміне кірмей, үкіметке әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қиынның-қиыны болады деп ескертуде.

Орта есеппен бір жылда 10 пайызға шарықтап кеткен баспана бағасы мен жұмыссыздық жастардың жігерін әбден жасытып бітті, дейді қазақстандықтар.

Жаңадан жасақталатын үкімет енді ақылға қонымды әлеуметтік бағдарламаларды шұғыл енгізбесе, ел ішінде қылмыс дерегі көбеюі мүмкін деген пікірде.

Тым құрығанда, жабылып қалған өндіріс ошақтарын қайта жаңғырту керек дегенді айтады олар.

Осы орайда сарапшылар бір жылдың ішінде 10 пайызға әлсіреген ұлттық валюта, 3 миллиард доллардан астам қаражатқа кеміген Ұлттық қор-биыл үкіметтің босаңсуына мұрша бермеуі тиіс екенін жеткізді. Бастысы 450 мыңнан астам жұмыссыз жүрген азаматты қайта еңбек нарығына тарту маңызды деп есептейді Рахым Ошақбаев.

Оның сөзінше, шағын және орта кәсіпкерлердің тым құрығанда несие алу мүмкіндігін арттыру қажет.

"Ал баспанаға қатысты "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы қайта өзгеруі керек деп есептеймін", - деді Рақым Ошақбаев.

Саясаткер Дос Көшім болса, үкімет әуелі, халықтың сеніміне кіруі қажет екенін атап өтті.

Содан кейін, азаматтарды пандемия жағдайында жұмыс істеуге көшіретін нақты шешімдерді қабылдау керектігін жеткізді.

"Індеттің кезіндегі экономикалық, әлеуметтік мәселелерді толық құлдыратып, қиратып алмауға тырасатын жұмыстарды бастау керек. Ең болмаса халыққа көрсету керек, айту керек. Әйтпесе, біз тағы да он жылға кейін кету қауіпіміз әлі бар", - дейді Дос Көшім.

Сонымен қатар, сарапшылар, жеке тұлғалардың үш айдан бері 420 миллиард теңге қарызын банкке уақытылы қайтармағанын Үкімет ескеріп, "дағдарысқа қарсы шарасын" қабылдауы қажет екенін сөз етті.

Ал бизнес өкілдерінің қаржы институттарына қайтара алмай жүрген берешегі 550 миллиард теңгенің шамасында екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893509-kazakstandyktar-zaa-kimetten-ne-ktedi/

pixel