RU

Аурухана мен ХҚКО: Қазақстанда параны ең көп алатын өңірлер анықталды

Ақша
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Transparency Kazakhstan" қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян ОКҚ-да өткен онлайн брифингіде Қазақстанда өткен жылғы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шиян мониторинг аясында ел бойынша 9 мың респонденттен жауап алынған мәлімдеді. Одан бөлек, "Ашық диалог" порталындағы 1,5 мың арыз да тексерілген. Зерттеуге 200 сарапшы, 173 әлеуметтанушы мен 12 талдаушы жұмылдырылған. 2020 жылдың нәтижесі бойынша, халық арасында сұраққа жауап бергендердің 11,3 пайызы жемқорлыққа тап болғанын мәлімдеген.

Ауруханалар, полиция мен жер қатынастары басқармасы, балабақша мен ХҚКО халық жемқорлыққа тартылған мемлекеттік мекемелердің негізгілері болып отыр.

Респонденттердің хабарламалары бойынша, пара жөнінде ұсынысты мемлекеттік мекеме мен ведомство жұмысшылары ұсынған. Көпшілік делдалдардың да саны көбейгенін растап отыр.

"Халық арасында аурухана, ХҚКО мен мектептер сұраныста. Ал өңірлерге келсек, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облысы тұрғындары жемқорлыққа көп кезіккен. Бұл өңірлерде респонденттер келісу көбірек ұсынылғанын айтты",- деді спикер.

Маманның айтуынша, қазақстандықтар көбіне ем алу мен ауруханаға емделуге жолдама алу мәселелерін шешуге тырысқан. Бұл жағдайлар коронавируспен де, басқа аурулармен де байланысты болған.

Тұрғындар екінші жұмысқа орналасу үшін, баланы балабақшаға орналастыру үшін, ХҚКО-да түрлі анықтама алу мен жер мәселелерін шешу бойынша да жемқорлыққа тартылған.

Ал халық пікірі бойынша жемқорлық жайлаған соттар іс жүзінде алғашқы ондыққа да кірмеген.

Спикердің ақпарынша, жемқорлық мәміленің сомасы 1 мың теңгеден басталып, 300 мың теңгеге дейін жеткен.

"Өткен жылмен салыстырғанда пара сомасы азайды. Бірақ, респонденттер пікірінше, пара сомасы дағдарысқа байланысты төмендеген", - деді Ольга Шиян.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893531-auruhana-men-hkko-kazakstanda-parany-e-kp-alatyn-irler-anyktaldy/