Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда лейтенант үшін түрмедегілерден ақша жинаған азамат сотталды

Опубликовано:

Судья
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Павлодардағы колония жасағының бұрынғы бастығына қатысты үкім шықты. Тергеу ақпарынша, алаяқтық бабы бойынша айыпталған азамат түрмеде тыныш өмір орнатуға уәде беріп, сотталғандардан ақша алып отырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс материалдарынан 2019 жылы аға лейтенант жергілікті колонияда жасақ басшысы қызметін атқарғаны белгілі болды. Ол қыркүйек айында тыныш өмір орнатуға уәде беріп, сотталғандардың бірінен 80 мың теңге алған. Мәміле орындалған соң араға екі ай салып, басқа сотталушының 440 мың теңгесін қалтасына басқан. Оның кінәсі куәгерлердің сөзі мен банк шоттарының анықтамасы арқылы дәлелденді.

Ал сотталушы ешқандай қылмыс жасамағанын алға тартты. Айтуынша, ол ақшаны колонияны жөндеу жұмыстарына жаратпақ болған.

Сот АП-162/2 мекемесінің экс-қызметкерін кінәлі деп танып, айыптау үкімін шығарды. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен және лауазымынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, елде колониялардағы бейнебақылау камералары арқылы жеті мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталып, 65 суицидтің алды алынған.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қазір қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде бас бостандығынан айырылған адамдарды қадағалау бойынша жұмыс дамып жатыр.

Мекемелерді де, ҚАЖ жеке құрамын да техникалық жағынан жабдықтау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2015 жылдан бері бейнебақылау және алып жүруге болатын бейнетіркеу жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893608-pavlodarda-lejtenant-sin-trmedegilerden-aksa-zinagan-azamat-sottaldy/

pixel