Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қазақстан жаңа "британиялық" штаммға байланысты шекара жаба ма

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: Хабар 24

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен брифингіде коронавирустың жаңа "британиялық" штаммын елге кіргізбеу үшін шекарада қосымша шектеулер енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.

"Мемлекеттік шекарада шектеу бойынша қабылданған шаралар ПТР-тест нәтижелері бар Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің шетелден келуін немесе ұшуын қарастырады. Вирустың бұл түрі де ПТР диагнозы арқылы расталады. Сондықтан шектеу бойынша қосымша қатаң шаралар қабылдауға ниетті емеспіз", - деді санитар дәрігер.

Ол коронавирустың жаңа штамы қауіпті деген ұстаным әзірге жоқ екенін еске салды.

"ДДСҰ-да бұл штамға байланысты біркелкі ұстаным жоқ. Бұл штамның феномені зерттеліп жатыр. Сондай - ақ, біз айналымдағы барлық штамдарды тексереміз: бұл штам бізде әлі тіркелген жоқ", - деді Қиясов.

Айта кетейік, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел тұрғындарына үндеу жасап, карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, соңғы айда еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус жұқтырған науқастар көбейген. Қазақстан "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты.

Қиясовтың сөзінше, азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.

Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын, деді бас санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893618-covid-19-kazakstan-zaa-britanialyk-stammga-bajlanysty-sekara-zaba-ma/

pixel