Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мерзімі өтпегендер бар": Атырауда қоқысқа тасталған төлқұжаттар үйіндісі табылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

13 қаңтар күні Атырау облысына қарасты Алмалы ауылы маңында төгілген қоқыс ішінен жарамдылық мерзімі өтпеген төлқұжаттар мен куәліктер табылды деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Жайық жағасында пайда болған құрылыс қалдықтарының таудай үйіндісінің арасында көптеген түрлі маңызды құжаттардың да жатқанын алғаш болып елді мекен тұрғындары көріпті. 

"Қоқысқа лақтырылған төлқұжаттар мен жеке куәліктердің ішінде тіпті, жарамдылық мерзімі 2028 жылға дейінгі құжаттар да бар. Сондай-ақ азаматтардың өтініші, төлем құжаттары, жүргізуші куәліктері, жеке тұлғалардың табысы туралы анықтамалар мен басқа да аса маңызды құжаттар төбе-төбе болып үйіліп жатыр", - делінген басылым хабарламасында.
Фото
Фото: Ақ Жайық

Өз кезегінде "Ақ жайық" редакциясы кодекс нормаларын бұзғандарға қатысты тиісті сұраныс жолдағанын хабардар етті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жедел тарап, көпшілікті тәнті еткен.

Бұл бейнежазба Атырау облысы Құрманғазы ауданында түсірілген екен. Бейнеролик авторы 25 жастағы Әди Бектеміров өзі шекара қызметінде болса да, "бос уақытта табиғат аясындағы мұндай кереметтерді түсіру – хоббиім", – дейді.

Бейнероликті кеше өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Осылайша, бейнежазба желі қолданушыларының назарына бірден ілігіп, қошеметке бөленді. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы да қарапайым ауыл баласы.

"Негізгі мақсат – небір дүлдүл тұлға туған Құрманғазы ауданын танытып, Теңіз кереметін паш ету", – дейді бейнежазба авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893654-zaramdylyk-merzimi-tpegender-bar-atyrauda-kokyska-tastalgan-tlkzattar-jindisi-tabyldy/

pixel