Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіт көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Конькимен сырғанау
Көрнекі фото: azh.kz

Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жедел тарап, көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл бейнежазба Атырау облысы Құрманғазы ауданында түсірілген екен. Бейнеролик авторы 25 жастағы Әди Бектеміров өзі шекара қызметінде болса да, "бос уақытта табиғат аясындағы мұндай кереметтерді түсіру – хоббиім", – дейді.

Бейнероликті кеше өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Осылайша, бейнежазба желі қолданушыларының назарына бірден ілігіп, қошеметке бөленді. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы да қарапайым ауыл баласы.

"Негізгі мақсат – небір дүлдүл тұлға туған Құрманғазы ауданын танытып, Теңіз кереметін паш ету", – дейді бейнежазба авторы.

Айта кетейік, жақында Каспий теңізіне қыстауға келген аққулар туралы видео жарияланған еді.

Азамат Сәрсенбаев Ақтауда түсірілген видеоны Facebook-те бөліскен. Таңғаларлық кадрлар дронмен түсірілген. Ол аққуларды жергілікті қонақүйлердің бірінің алдында суретке түсіріп үлгергенін алға тартты.

"100 метр қашықтықта тұрып осындай сұлулықты көрген сәтте өз-өзіңді ұстау қиын", – деп жазды Азамат.

Жазылушылар автор түсірген видеоны жоғары бағалады. Азамат өз жұмысын YouTube-тағы жеке арнасында да жариялады.

Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне дәстүрлі түрде ұшып келген бір топ фламингоны да видеоға түсіріп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893583-kaspij-teizinde-mnerlep-syrganagan-zigit-kpsilikti-tnti-etti/

pixel