jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Мен адаймын": Ақтауда белгісіз біреу ер адамды соққыға жықты (видео)

Адай
Видеодан кадр: Instagram/42500_tenge

Ақтауда белгісіз біреу көшеде жатқан азаматты ұрып-соғып, өзінің "адай" екенін айтқан.

Видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта бейнеролик тексеріліп жатқанын мәлім етті.

"Аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Төбелес қатысушыларына қоғамдық орында бұзақылық танытқаны үшін шаралар қолданылады. Азамат жауапкершілікке тартылады",- делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Өскемен қаласындағы дәмханалардың біріндегі отырыста жанжал шығып, салдарынан бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Қайғылы жағдай Согра ауданында болған.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ер адам жанжал кезінде танысына пышақ сұққан. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы күдіктінінің кім екенін анықтаған. Екі ер адам көңіл көтеру үшін бас қосқан. Ішімдік ішкен соң олардың араларында түсінбеушілік туындапты.

"Жанжал кезінде ер адам танысына пышақ сұғып, көптеген жарақат салды. Ол алған жарақаттан есін жимастан жедел жәрдем көлігінде қаза тапты", – деді Шығыс Қазақстан облыстық полция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны. Жанжалдың туу себебі анықталып жатыр.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Мен адаймын": Ақтауда белгісіз біреу ер адамды соққыға жықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.