Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Нығматулин мәжіліс депутаты болып тіркелді

Опубликовано:

Нұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин. Фото: ult.kz

Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулинді парламент мәжілісінің жетінші шақырылымының сайланған депутаты ретінде тіркеді. Саясаткерге куәлік пен төсбелгі табысталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Нығматулин 2016 жылдың 22 маусымынан бастап, Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің төрағасы қызметін атқарып келген болатын.

Өз еңбек жолын ол 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтты тәмамдағаннан соң бастады. Әр түрлі жылдары Нығматулин елорда әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы аралығында Қарағанды облысының әкімі болып қызмет етті. Кейінгі төрт жылда (2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында) Nur Otan партиясының бірінші орынбасары болды.

2012 жылы 20-қаңтарда бірауыздан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы

2016 жылы 22-маусымды бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды[2].

Еске сала кетейік, елімізде мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға сайлау 10 қаңтар күні өтті.

Оның нәтижесінде парламенттің төменгі палатасына депутаттық мандаттарға 3 партия ие болды: «Nur Otan» партиясы (76 мандат), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (12 мандат), Қазақстан Халық партиясына (10 мандат).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893721-nrlan-nygmatulin-mzilis-deputaty-bolyp-tirkeldi/

pixel