Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенаторлар ауыл тұрғындары үшін су тарифтерін төмендететін тетіктерді ұсынды

Опубликовано:

Су
Көрнекі сурет: pixabay.com

Енді ауыл тұрғындары ауыз суға аз ақша төлейтін болады. Сенаторлар бүгін еліміздің Су кодексіне сондай өзгерістер енгізді.

Қазір қалаларға қарағанда ауылдарда ауыз су тарифтері жоғары болып отыр. Мұның бір себебі ауылдардың географиялық шалғайлығы мен халық санының аздығын және тағы басқаны ескергенде су құбыры инфрақұрылымы құрылысының қымбатқа түсуі болып отыр. Қазіргі кезде өңірлердегі судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алуда.

"Ауылды елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастама жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар жаңа тарифтерді бекітудің жаңа тетіктері мақұлданды, енді жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға осындай өкілеттік беріледі. Сондай-ақ, жаңа тарифтерді қабылдай отырып, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын да ескеруі керек. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына арналған тариф республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен болмауы тиіс, бірақ орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек.

Республика бойынша берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем мөлшері 15 теңгені құрайтынын еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893745-senatorlar-auyl-trgyndary-sin-su-tarifterin-tmendetetin-tetikterdi-syndy/

pixel