RU

ДДСҰ сарапшылар тобы COVID-19 пайда болу себебін анықтау үшін Уханьға аттанды

Ухань
Ухань. Фото: gettyimages.com

Бейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылар тобы COVID-19-дың пайда болу себебін анықтау үшін Ухань қаласының "Тяньхэ" әуежайына келіп қонды деп жазады ҚазАқпарат.

Ереже бойынша ДДСҰ делегациясының мүшелері 14 күндік карантиннен өтуі тиіс. ДДСҰ тобының құрамына әртүрлі елдердің мамандары кірген.

Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлағандай, ДДСҰ халықаралық сарапшылар тобы Қытайда қытайлық ғалымдармен бірге коронавирустың жаңа түрінің пайда болуын бақылау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың соңында Қытай билігі ДДСҰ-ға Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршігені туралы хабарлаған болатын.

Кейіннен танымал Imgur әлеуметтік платформасының қолданушысы эпидемия жайлаған Ухань қаласының дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатқанын көрсеткен еді.

Сондай-ақ COVID-19 бастау алған Ухань қаласының билігі бес жыл бойы жабайы аңдарды тағам ретінде пайдалануға, оларды өсіріп, сатуға және жарнамалауға, сонымен қатар аулауға тыйым салды.

Жабайы жануарларды жасанды өсіруге тек жануарлар түрлерін сақтау, ғылыми зерттеулер мен демонстрациялау мақсатында бақылаушы органдардың мақұлдауымен ғана жол беріледі.

Еске салайық, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде әлемде дені сау адамның қалмағаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893753-dds-sarapsylar-toby-covid-19-pajda-bolu-sebebin-anyktau-sin-uhanga-attandy/