Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың екі тұрғыны эвакуатор жалдап, өзгенің көлігін ұрлап кеткен

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицияға көлігін әлдекімдердің ұрлап кеткенін айтып, жүгінген. Үш күн бойы қалада болмаған тұрған оралған кезде ауласынан Hyundai Accent маркалы көлігін таппай қалған деп хабарлайды "Хабар 24".

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 34 және 29 жастағы екі ер адамды ұстаған.

Тергеу барысында күдіктілердің қардың астында тұрған көлікті байқап, оны мініп кеткені анықталды. Олар хабарландыру сайты арқылы көліктің есігін ашатын адамды да шақырған.

Ұрының бірі өзі көлік иесі болып табылатынына маманның көзін жеткізіп, оның күдігін тудырмау үшін оталдыру үшін кілт әзірлеп беруді сұраған. Кілтті алған соң, кешкі уақытта эвакуатор алып келіп, көлікті алып кеткен.

"Ұрылар эвакуаторды хабарландыру сайты арқылы тапқан. Жүргізушіге 10 мың теңге беріп, көлікті ұрының бірі тұратын тұрғын үй ауласына апарып қойған", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің "Сарыарқа" ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Темірбаев.

Күдіктілер автокөлікті ұрлағанын мойындаған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер жеті жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар тұрғыны көлігінің жоғалғанын айтып, түн ішінде дабыл қаққан болатын.

Полиция ер адамға көмекке келіп, оның көлігін қала ішіндегі көпқабатты үйлердің бірінен тауып берген. Көлікті ешкім ұрламағаны анықталды. Ішімдіктен ұрттаған жүргізуші көлігін қайда қойғанын ұмытып қалса керек.

Ол жоғалды деген көлігін оталдырған күйі есігін құлыптамастан, аулада қалдырып кеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893963-elordany-eki-trgyny-evakuator-zaldap-zgeni-kligin-rlap-ketken/

pixel